Біз өмірімізді өзгертуге тырысамыз. Жақсы өмір сүруге ғана талпынбаймыз, әр күніміздің жақсылыққа толы болғанын қалаймыз. Таңертең ұйқымыздан оянып, қиындықтарға бас қатырмай, көзімізді ашсақ болды үйде бөленетін бақытты, үйден тыс, көшеде, жұмыста, демалыста тап болатын қуаныш пен құрметті, түптеп келгенде, ұйықтар алдында «ертеңгі күннің бақыты» сияқты үмітті аңсаймыз.
Көзіңді жұмсаң болды, шіркііін, сен өзің аңсаған жердесің!
Алайда… өмірімізді жақсы жаққа өзгерту туралы күн сайынғы тілегіміз ресурстар, білім және уақыт тапшылығына, кейде өмірдің бір кезеңі мен денсаулыққа тәуелді болып жатады.
Күн сайынғы «кемшілікке» төтеп беретін жол таба алмай, «өмірімді жақсы жаққа қарай өзгертемін» деген талпынысымызды кейінге қалдыруға, тіпті, кейде мүлдем ұмытуға мәжбүр боламыз, өкінішті-ақ!
Мен бұл қимылымызды су ішуге арналған арнайы шүмектермен жабдықталған су таратқыштың бойымен мыңдаған шақырым жүріп келе жатқан, бірақ шөлден өліп бара жатқан жолаушының бейнесімен байланыстырамын, ал шын мәнінде, бұл шүмек жолаушының су ішуіне арналған, бірақ ол судың өзіне арналғанынан бейхабар.
Күн сайынғы «қаражат тапшылығына» төтеп беру үшін басқаша ойлау керек.
Өмірдің неге дәл осылай екенін, неге оның осылай қалыптасқанын түсіне білу керек.
Адамдардың қоғамдастық пен мемлекетке бірігуі бекер емес!
Олар әрбір жеке адамның мүмкіндігін едәуір арттыру үшін осылайша біріккен.
Біз, қазіргі заманның адамдары көбіне ата-бабаларымыз құрған қоғам мен мемлекетті болмыс ретінде қабылдаймыз, бірақ оның бізге берер мүмкіндігін мүлдем сезіне бермейміз.
Нақты бір мысал келтіре кетейін:
«Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» деген мемлекеттік бағдарламаны білетіндеріңіз бар ма?
Мен бірнеше таныс адамдардан, көшеде өтіп бара жатқан бейтаныс адамдардан сұрадым, олардың арасында тіпті, «Өнімді жұмыспен қамту» деген терминнің өзін білмегендер де болды.
Бұл үлкен құпияны ашпай-ақ қояйын, десе де, көптеген ақпарат алған адамдар үшін бұл өмірін жақсы жаққа өзгертудің «сол бір құпия формуласына» айналуы мүмкін.
Өнімді жұмыспен қамту – бұл қоғамның кез келген жұмыстың қоғамға қажет бола бермейтін жағдайы. Яғни, екі маңызды талапқа сай келетін ғана жұмыс. Біріншіден, жұмыс еңбек етіп жатқан жандарға табыс әкеп, адамның лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуі тиіс. Екіншіден, өнімді жұмыс ресми жұмысқа қарама-қайшы қойылады.
Мемлекеттегі парадигма өзгерді, бұрын мемлекет керексіз қызметкерлерді ұстауға немесе жұмыссыздыққа жол бермес үшін ресми жұмыс орындарын құруға көңіл бөлген, ал қазір мемлекет саясаты әр адамның еңбегінің экономикалық тұрғыдан пайдалы болуына, нақты бір адам немесе қоғам үшін барынша өнімді болуына ықпал етеді.
Басқаша айтар болсақ, мемлекет «өнімді жұмыспен қамту» тұжырымдамасын қолға алып, мемлекетте өмір сүруге жаңа талап қойды:
Мемлекет өз азаматтарының жақсы табыс табуды үйренуі үшін қолдан келгенін аямайды, мемлекет енді халықтың өнімсіз еңбек етіп, ең төмен деңгейде (шала құрсақ) өмір сүруін қолдамайды.
«Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес меніңше, мемлекет мынадай ретпен әрекет етеді:
1. Адамдарға олардың ақша табуына және лайықты өмір сүруіне көмектесетін жаңа кәсіптерді тегін үйрету. Бұл кезеңде сабаққа қатысушылардың тамақтануына мүмкіндік беру үшін шәкіртақы төленеді. Сондай-ақ оқу кезеңінде оларға жол жүру ақысының сомасы төленеді.
2. Қазақстанның кейбір өңірлерінде халық саны көп болып, жұмыс орындарының саны кері пропорционал болғандықтан табысқа жету айтарлықтай қиын. Халық саны көп болған кезде бәсекелестік өзі аз ресурсты тауысып, бұрынғыдан да қатты титықтатып жібереді. Мұндай өңірлер үшін «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» деген мемлекеттік бағдарлама мемлекеттің қолдауымен бәсекелестік аз өңірлерге көшуді ұсынады, мұндай жерлерде материалдық жағдайды жылдамырақ жақсартып, рухани тыныштықта өмір сүруге болады.
Қазақстандағы халық саны көп аймақ оңтүстік өңірлер болып табылады, ал солтүстік өңірлерде мүмкіндіктер өте көп, бірақ мүмкіндіктерді іске асыруға қабілетті адамдар жеткіліксіз. «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес көшетін адамдардың бәріне тұрғын үй, жер немесе тұрғын үйді жалға алу үшін субсидиялар, жәрдемақы беріледі, тіпті, көшуге кеткен шығындардың жартылай өтемақысы беріледі.
3. Бұл мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша қолайлы кредит беріледі.
4. Ұзаққа созылмаса да мемлекеттік болып табылатын бұл мүмкіндікті пайдаланған жандар бағдарлама бойынша өзіндік мүмкіндіктері бар келесі бағдарламаға өтеді. Берілген мүмкіндіктен айырылған жандар мемлекеттің келесі қадамы өнімсіз жұмыс орындарын қысқартып, артық ақша мен жеңілдіктерді жағдайларын жасап алған адамдарға бере бастайтынын түсінулері тиіс. Бұл өте қатал, десе де, әділ. Өйткені бүкіл қоғам жақсы өмір сүргісі келеді, ал егер қоғамның бір бөлігі өнімді, ал екінші бөлігі оның өнімділігін ішіп-жеп, ештеңе бермесе, мұндай қоғам қалай қалыптасады?
Өнімді жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасының қалай дамитыны мен үшін қызық.
Алматы қаласында (өзім тұратын) Өнімді жұмыспен қамту бағдарламасымен үш құрылым айналысып жатыр, олар: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы КММ және Алматы қаласы «Атамекен» ҰКП.
Бұл мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға өзім белсенді түрде атсалысамын, өйткені бұл Қазақстанның жеке азаматы үшін де, жалпы қоғам үшін де пайдалы деп санаймын.
Алматылықтардың бәрін бағдарламаға қатысуға шақырғым келеді.
Алматы қаласының көркеюін, тұрғындарының өнімді еңбек етіп, жағдайының жақсаруын қалаймын.
«Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» мемлекеттік бағдарламасы туралы толық ақпарат алуымызға, өзінің, жақын туған-туыстары мен көршілерінің, бүкіл қаламыздың өмір сүру сапасын арттыруға болатын дүниелер алуымызға еш кедергі жоқ!
Көзімізді жұмып, қиялданған «шіркііініміз» көзімізді ашқанда «Мәә, осылай өмір сүріп жатырмын ба, өмірімнің өзі шіркііін екен ғой» деген сезімге ұлассын…
Сұрақтарыңыз болған жағдайда пікір қалдыру деген жерге хат жазыңыз, мен толық жауапты біліп, нақты материалдарды келтіре отырып, қарапайым әрі түсінікті тілмен жазуға тырысамын.
Қазыбек Шайх
Басқа мақалалар: