Менің Қазақстаным – халық үшін шұрайлы жер

WhatsApp Image 2022-07-28 at 22.02.05

Өткен аптада вермифермерлермен кездестік. Кездесу вермифермерлер кооперативін құруға, Вермифермерлік кооперацияны дамыту және вермифермерлерді мемлекеттік қолдау тетіктерін құрукомитетінің құрылуына арналды.

Үш күн бойы шабытберген сессия көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті.

Халқымыздың өркендеуіне ықпал ететін тағы бір бағытты көрдім.

Жоқ, олай емес, мен ойлағаннан да үлкен нәрсе орын алды, мен халықты көрдім!

Қалада отырып, біз ауылдардағы халықтың бұрмаланған бейнесін көреміз.

Қалада біз оларды маргиналдар, қолдауды қажет ететін әлеуметтік проблема деп атаймыз.

Ал шындық мүлдем басқа.

Және оларда да осындай жағдай!

Ауылдағы халық өзін бағаламайды. Олар расында да, өз істерімен де, гештальттарымен де әдемі.

Мен өмірлік мәні бар, табысты болуға және өркендеуге дайын адамдарды іздейтін жандарды көрдім.

Мен олардың Қазақстан жерін құнарлы ету, мемлекет бюджетіне үлкен байлық әкелетін экономиканың жаңа секторын құру және (жағдайдың символизмі әсіресе, астарлап айтудың дәлдігімен таңғалдырады) ол үшін«көңді» пайдаланамыз деген игі мақсаттарын естідім!

Жердің құнарлылығын арттыру арқылы Қазақстанның гүлденуін сөз ететін ауыл балалары,бұл – көруге тұрарлық жағдай!

Біз қалада жүріп миллионер не миллиардер болуды ойлаймыз, вермифермерлердің жиналысында ауыл балалары жердің құнарлылығы және өнім алуды көбейтуді сөз еткенде мен қатты таңғалдым, қайырымдылық деген осы екен ғой...

WhatsApp Image 2022-07-28 at 21.58.56

Олар өз табыстарының көп бөлігін ауылдардағы балалардың білім алуына жұмсағылары келеді, білім алып,әлемдік деңгейдегі маман атанып, Қазақстанды дамытқанын қалайды.

Мен олардың «Вермиферма» бизнесі туралы көзқарастарымен бөліскім келеді және «неге оларды дәрігерлер, мұғалімдер, тіпті, Президент сияқты құрметтемеске?» деген мәселені қоғамға жеткізгім келеді J.

Вермиферма бизнесінің негізін бірнеше факт құрайды:

Жерге шұрайлы жер қабатын жоғалту қаупі төніп тұр. 10-15 жыл ішінде жеріміздің өнімділігі айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Фермерлер өнімділіктің төмендеуін өтеу үшін химиялық тыңайтқыштарды көбірек қолдана бастады, химиялық тыңайтқыштарды көбірек қолдану жердің құнарлылығын одан әрі төмендетеді. Мұның орнын толтыру үшін фермерлер егістіктерге гендік түрлендірілген тұқымдарды отырғыза бастады.

Гендік түрлендірілген өсімдіктер өте қатты ыдырап, жағдай одан сайын ушыға түседі. Оның үстіне, гендік түрлендірілген өнімдер кідіріп жарылатын мина тәрізді болуы мүмкін.

Егер дәл осылай көз жұма беретін болсақ, адамзатты тамақтандыра алмайтын қураған жер мен аштықтан жойылып бара жатқан адамзатты көреміз.

Бұрын адамдар әлдеқайда аз болған кезде «ауыспалы егіс» деген ұғым болған. Бір егістік өнім бергенде, екіншісі демалатын. Бүгін бұл мүмкін емес және жердің өзі адамзатты тамақтандыру үшін сарқылу алдында тұр.

Вермиферлер не істейді? Олар шылаушын өсіреді. Құрттар көң мен шабылған шөптерді (арамшөптерді қоса алғанда) жейді, бейтауар жеміс-жидектер мен көкөністер оны нағыз құнарлы топырақ болып табылатын биогумусқа айналдырады.

WhatsApp Image 2022-07-28 at 21.59.57

 

Содан кейін жер бір грамм химиялық тыңайтқышсыз немесе ГТО-сыз керемет өнім беретін жерге айналады.

Вермифермерлер жерімізді биоқалдықтар мен көңнен тазартып, оларды денсаулық пен байлыққа айналдырады.

Дамыған елдерде денсаулықты сақтау мен ұлттың өркендеуі үшін дұрыс тамақтанудың құндылығы бұрыннан белгілі. Сондықтан олар биогумусты қуана сатып алады.

Сондықтан вермифермерлердің өнімдері мемлекетіміздің экспорттан түсетін табысының маңызды бөлігі болады деп сенемін.

Оқырмандарымның арасында еліміздің дамуы туралы шешімдерге әсер ете алатын өте ықпалды адамдардың бар екенін білемін. Сіздерге өтініш білдіремін.

Вермифермерлерге қолдау көрсету керек.

Оларға көп нәрсе қажет емес.

Елде бос жерлер көп, жақында мемлекетке 5 миллион гектар жердің қайтарылғанын оқыдым.

Мұндай жерді вермифермерлер үшін қолжетімді ету керек.

WhatsApp Image 2022-07-28 at 22.01.18

 

Сонымен қатар ауыл жастары үшін осы бизнес-модельді таратуды жолға қою қажет.

Вермиферманы құруды бастау үшін көп нәрсе қажет емес. Шөл далада және қажетсіз көң мен жиналған арамшөптер жатқан бес сотық жерден де бастауға болады. Бұл бизнес бәріне қолжетімді және жақсы табыс әкеледі.

Өз бизнесін бастаған жас вермифермерлерді көрдім, өйткені олар жұмыс таба алмады және қалтасы көтермейтін қарыздардың қысымына ұшырады, үш жылға жетпей жатып, экономикалық жағдайын тұрақтандырды, тіпті, өздеріне көлік, үй сатып алған.

Қой, сиыр және т.б. өсірумен айналысатын және көңді үлкен көлемде алатын бизнесмендер: қазіргі уақытта бұл көң атмосфераға метан газын шығарып, жерді уландырып, үлкен жинақтағыштарда шіріп жатыр.

Оларды вермифермерлерге беруді сұраймын, олар одан құнды және пайдалы биогумус жасайды.

Сондай-ақ шөпті биомассаның, сабақтың немесе сабанның көп мөлшері жиналып қалатын кәсіпкерлерге жүгінгім келеді. Вермифермерлер оларды алып, сізге, елге және халыққа пайда әкеледі.

Барлық «қажет емес» нәрселермен вермиферлер кооперативіне кіре аласыз, бұл жерде мұның бәрі сіз үшін нағыз байлыққа айналады.

WhatsApp Image 2022-07-28 at 21.58.02

Жерге, көңге және қажет емес сабандардың орнына кооператив мүшесі ретінде нағыз биогумус аласыз, оны сізден қуана сатып алатын фермерлерден немесе жылыжайлардан бастап жоғары өнімді оңай сатуға немесе айырбастауға болады.

Қызық болса, пікір қалдыратын жерге жазыңыз.

Осылайша бір-біріңізді таба аласыз.

Кооперация әлемді құтқарады.

 

Қазыбек Шайх

29.07.2022 

 

Ұқсас мақалалар: