Бұқаралық ақпарат құралдарына талдау жасадым, сөйтіп мемлекетіміздің шенеуніктері де, ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) да мұндай ұғымның бар екенін ұмытып кеткенін байқадым!!!
Ауыл зиялылары тасжолға өскен шөп сияқты кез келген мүмкіндіктің көзін тауып, өмір сүріп келеді! Вермифермерлермен жұмыс істей келе, менде қазіргі заманғы ауыл зиялылары өкілінің бейнесі қалыптасты. Бұл – көп оқитын, жаңа технологияларды меңгеретін, қазақ ақындарының өлеңдері мен әндерін жатқа білетін, өзара халықаралық саясатты талқылайтын, қазақтардың шежіресі мен үкіметтің әрбір мүшесін жатқа білетін адамдар.
Олар қазақ халқы, Қазақстандағы бейбітшілік үшін барынша алаңдайды, балаларын Алматы немесе Астана қалаларына көшіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Оларға қала қажет емес, тек балаларға қаладағыдай мүмкіндіктер берілсе болғаны, олар үшін осы маңызды.
Ауыл зиялылары – бүгінде қазақ халқына тән игіліктерді сақтап келе жатқан жандар.
Айтпақшы, Қазақстанның қаладағы зиялы қауымына ешқандай қарсылығым жоқ. Біз оларды жақсы білеміз, олар туралы күнде айтамыз, олар мүлдем басқа жандар. Қаланың зиялы қауымы – Алматыда да, Лондонда да, Бейжіңде де, жалпы жер бетінің кез келген жерінде өзін жақсы сезінетін космополиттер. Олар да өз балаларын кеңейіп жатқан мүмкіндіктерге жақындатуға тырысады, бірақ, өкінішке орай, Қазақстанның аумағынан тыс жерлерде. Қаланың зиялы қауымы негізінен, дамыған елдерге барып, сол жерде өзін көрсетіп, өзін қорғай алады.
Қазақстанда қалып, еліміздің мүддесі үшін қызмет ететіндей жағдай жасау – Қазақстан Президенті мен Үкіметінің жұмысы. Ауыл зиялыларымен қарым-қатынас жасай келе түсінгенім, қаладағы зиялылардан айырмашылығы олардың Қазақстаннан кетпейтінін, тек өз елінде қызмет етіп, өздерін тек өз еліне арнауға дайын екенін анық көремін.
Ауыл зиялыларының рөлі:
• Олар қала тұрғындарын өз еңбектерімен асырап келеді.
• Ауылшаруашылығын және ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуда.
• Ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттырып келеді. Ауыл өміріне үздік жетістіктерді енгізуде.
• Қазақ халқының мәдени дәстүрлері мен бірегейлігін сақтап отыр.
Ауыл зиялыларымен сөйлескенде тағы не байқағанымды төменде келтіремін:
Олар оқуға, жаңа озық технологияларды меңгеруге көп уақыт жұмсайды екен, ауылға ең жақсы әрі жаңа нәрсе енгізуге тырысады, бұл қашанда стартап. Тиісінше, олар қашанда қаражат жағынан қысылып жүреді. Табыстарына әрдайым кітаптар мен жаңа жабдықтар сатып алады, тірнектеп жинаған ақшасын қандай да бір оқуға жұмсайды. Үйлері мұнтаздай тап-таза, жинақы. Алматы облысының бір кентінде болдым, көшелері Астанаға немесе Алматыға қарағанда әлдеқайда таза екен, бұған мемлекеттен ешқандай бюджет бөлінбейді. Олар көршілерінен ұят деп, таза ұстауға тырысады. Егер әкімдер басқа әкімдердің, Премьердің және Президенттің алдында ұят болады деп қалаларды таза қалпында ұстаса, керемет болар еді.
Мемлекет ауыл зиялыларын назардан тыс қалдырғандықтан, олардың көбі үкіметті сынайды, ауыл зиялылары сенім артатын көшбасшы немесе саяси ұйым пайда болса, олар соған дауыс береді, сайлауда жеңіске жету үшін барынша күреседі. Әзірге олар Димаш сияқты сүйікті ұлдарын үздік көшбасшылардың қатарына енгізіп отыр, бірақ менің ойымша, бәрі әлі алда.
Мемлекет ауыл зиялыларының мемлекетіміздің тұрақтылығын сақтаудағы рөлін әлі толық түсінбей отыр, оларда мынадай қиындықтар бар:
• Жалақы және әлеуметтік кепілдіктер деңгейі төмен.
• Тұрғын үй мен заманауи коммуналдық инфрақұрылым тапшы.
• Кәсіби даму үшін мүмкіндіктер шектеулі. Объективті немесе техникалық себептердің салдарынан емес, бюрократиялық себептердің немесе қалалық шекараларда жоғары оқу орындарының монополиясын сақтау салдарынан.
• Жастардың ауылдан жаппай кетуі.
Ауыл зиялылары – ең негізгі іргетасымыз, жоқ, тіпті, одан да ауқымды, бұл тәуелсіз, егемен және жаһандану үдерісіне еріп кетпеген қазақстандық бірегейлік пен Қазақстанның ұлттық тұтастығының литосфералық қабаты деуге болады.
Сондай-ақ ауыл – халықтың әл-ауқатының негізі.
Егер Қазақстанда азық-түлік қоры жеткілікті болса, біз кез келген қиындыққа төтеп береміз, жағдай қолайлы болған кезде кез келген бағытта жедел даму әлеуетін сақтай аламыз.
Менің ойымша, ауыл зиялыларын мемлекеттік қолдау мыналарды қамтуы керек:
• Ауылға жас мамандардың келуін ынталандыру. Ол үшін ауылдарда жұмыс орындарын құру қажет. Өз кәсіпорындарын ауылдарға көшіретін және жергілікті тұрғындардың кемінде 50%-ын жұмысқа алатын кәсіпкерлерді 10 жылға салық төлеуден толығымен босату. Бұл шикізат экономикасына емес, экономиканың нақты секторындағы кез келген бизнестің дамуына, мемлекетке түсетін қаражаттың артуына керемет күшті серпін береді. Өйткені көп жұмыс орындары қажет болады, неғұрлым көп адам жұмыс істесе, экономика көлемі соғұрлым көтеріледі, сәйкесінше бюджетке түстін салық соғұрлым көбейеді.
• Ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыру. Ауылдық коммуналдық инфрақұрылым, әсіресе, «жасыл коммуналдық инфрақұрылым» құрылысының 80%-ын мемлекет тұрғысынан субсидиялау.
• Ауылдарға арналған интернет-инфрақұрылым құрылысын мемлекет тарапынан 100% субсидиялау. Ауыл тұрғындарының тегін немесе ең болмағанда, өте арзан кең жолақты интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету. Айтпақшы, бұл Илон Маск пен оның шығармашылығының арқасында арзанға шығатын болды.
• Ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту. Ауыл мектептерін PBL оқыту жүйесіне (project based learning) сәйкес қайта құру, мұнда мектеп оқушыларына мектепте жүріп-ақ табыс табатын жобаларды іске қосуды үйренуге мүмкіндік беретін жобаларды үйретер еді. Soft skills бойынша пәндерді енгізу. Вермифермерлік, кулмакшерлік, агротуризм бойынша факультативтік сабақтары бар сыныптарды ашу. Мектепке дейінгі ұйымдардың тиімді тетігі арқылы ауылдарды балабақшалар мен шағын жинақталған мектептерге арналған кадрлармен толтыру. Ауылдарда бала туу деңгейі жоғары, бірақ белгілі бір түсініксіз себептермен ауылдарда балабақшаларға арналған кадрлар тапшылығы өте жоғары. Соған қарамастан жұмыссыз әйелдер саны көп. Өзін-өзі реттейтін ұйым (ӨРҰ) барлық қажетті оқытуды, аттестаттауды және үздіксіз біліктілікті арттыруды тиімді қамтамасыз етеді, ең бастысы балабақша құруды үйретеді. Бұл барлық дамыған елдерде бар, бізде де жолға қойылады, тек дұрыс әрекет ету қажет.
• Ауыл зиялыларының кәсіби тұрғыдан дамуына жағдай жасау. Ауыл тұрғындары үшін қашықтан білім беруді заңдастыру. Техникалық мүмкіндік бар. Тиісті мемлекеттік орган мен депутаттар біраз еңбектенуі керек, ал ауыл тұрғындары Алматыға немесе Астанаға бармай-ақ, өз балаларының ресми мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік алады.
• Ауылдарда шағын индустрияландыру жобаларын дамыту. Халықтың табысын арттыру және өндірілген өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін ауыл тұрғындарына кооперация дағдыларын үйрету. Бірақ қазіргі таңда дамып келе жатқан жалған кооперация болмауы керек (кейбір шенеуніктердің пікірінше, ауылдағы кооперацияны дамыту – бұл халыққа олардың мүлкін кепілге қою арқылы кредит беру). Ал нақты кооперация: тік және көлденең болады. Мұндай жағдайда фермер өз өнімінің тұтынушылар кооперациясының толыққанды іске асырылу жолын ұйымдастыра біледі, ірі корпорациялардың нарықтарына қол жеткізу үшін көлденең кооперативтер құра алады немесе өз жобасының краудинвестингтік роад-шоуын жасай алады және тексерушілер алдында пайызсыз, кепілсіз және шексіз есеп бермейтін қаржыландыруды ала алады.
• Бүкіл әлемдегі кооперативтер ауыл тұрғындарын дәулетті етті. Бұл Қазақстанда да осындай деңгейге көтеріледі. Тек бәрін дұрыс істеу керек!
Бұл менің туғандарыма айналып кеткен вермифермерлерге көмек көрсету шаралары бойынша материалдарды зерттеу барысында ойыма келген идеяларымның нобайы.
Вермифермерлер дегеніміз – Қазақстанның болашағына алаңдайтын ауыл зиялыларының типтік өкілдері.
Олар әрбір кездескен сайын маған: «Жердің құнарлылығы Қазақстанның әрі қарай өмір сүре алатынын немесе өсір сүре алмайтынын көрсететін басты көрсеткіш. Жердің құнарлылығын сақтамасақ, қарапайым халықтың бір бөлігі аштан өледі, екінші бөлігі бүкіл әлем бойынша қайыр сұрап кетеді» дейді.
Қазір біз «Ауыл» партиясымен байланыс орната бастадық. Олар вермифермерлердің қалаларды абаттандыру, ауылда жоғары ақы төленетін жұмыс орындарын құру және таза органика негізінде өсірілген таза азық-түлік арқылы ұлт денсаулығына жағдай жасау бойынша көрсетілетін қолдауды талқылауға дайын.
Партия басшылығымен әңгімелескеннен кейін менде үміт пайда болды, ауыл тұрғындарына тағы қалай көмектессем екен деп ойландым.
Репост жасауды өтінемін.
Жауапты шенеуніктер мен саясаткерлердің назарына ілінсе екен, ал ауыл зиялылары еліміздегі өздерінің, өз орындарының қаншалықты маңызды екенін түсінсе екен деймін!!!
Пікір қалдыратын жерге өз идеяларыңызды қосып қойсаңыздар «нұр үстіне нұр болар» еді.
Бұл жеріміздің, бүкіл халқымыздың болашағы үшін құрған зияткерлік кооперативіміз болмақ!!!
Қазыбек Шайх
09.02.2024
Ұқсас мақалалар:
• Эпоха тупых ответов от госорганов или почему люди гибнут в пожарах…
• Цена земли - это цена благодарности нашей матери!
• Все люди в Казахстане могут быть обеспечены жильем
• Индия дала надежду, что мы сможем поднять Казахстан!