Алматыда ақша табу жолын іздестіріп жүрген жандарға арналады

КСК

Қай жерде ақша тауып, қоғамға пайдалы болуға болады? 

Меніңше, мұндай сала көп сияқты, тіпті, бұл дәулетіңізді тұрақты түрде ұлғайтудың міндетті шарты. 

«Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» деген мемлекеттік бағдарлама туралы бұрын жазған болатынмын, оны іске асыру барысын, оның Алматы тұрғындарына арналған мүмкіндіктерін сипаттаймын деген уәде берген болатынмын!

Сондай-ақ «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға еңбек өнімділігі мәселесінде табысқа жетелейтін, көбірек ақша табуға көмектесетін, кәсіби, материалдық және мансаптық жағынан өсудің жаңа қырларын ашатын мамандықтар бойынша курстар ұйымдастырылатыны туралы жазған болатынмын. 

Олай болса, кеттік

Пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) болашақ төрағаларын дайындау бойынша тегін курстар туралы ақпарат ұсынып отырмын!     

Мен үшін бұл тақырып ерекше, біле-білсеңіздер, мен қаладағы ПИК жұмысын жақсарту мәселелерімен мұқият шұғылданып келе жатқаныма бір жарым жылдан аса уақыт өтті. 

Командамыз өздеріне тиесілі ПИК жұмысына көңілі толмайтын 500-ден аса тұрғынмен көптеген кездесу өткізді, сондай-ақ ПИК жұмысын жақсартуға жауапты тұлғалардың бәрін (саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, шенеуніктер, сарапшылар, бастамашыл топтар) қатыстыра отырып, екі кең ауқымды қоғамдық жиналыс ұйымдастыруға белсене атсалыстық.   

Жұмыс барысында ПИК мәселелері бойынша мынадай тармақтарды түсіндік: 

  • ПИК қызметтер мен тауар алмасудың үлкен нарығын құрайды екен, бұл өз-өзіңді іске асыруға және көптеген адамдарға қоғамдық пайда әкелуге берілген үлкен мүмкіндік. 
  • ПИК – қаладағы қалалық шаруашылық және саяси басқарманың ең ықпалды ұйымдастыру бірлігі, бірақ ПИК төрағалары бұл мүмкіндікті пайдалана алмайды! 
  • Тиімді жұмыс істейтін ПИК-тың тұрақты табысы бар және өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңейтіп отырады.  

ПИК-тың сапалы төрағаларын дайындауға арналған курстарды ұйымдастыру заңды әрі орынды нәрсе деп ойлаймын, осыған баса назар аударсаңыздар екен деймін! 

Курстың мақсаты:

  • Сайлаудан өтіп, тиімділігі жоғары ПИК төрағасы болуға қабілетті, қала тұрғындарының сапалы мамандықтарға деген қажеттілігін қамтамасыз ету. 
  • Алматы қаласындағы тұрғын үй қорына қызмет көрсетудің жылдам дамып келе жатқан нарығында адамдарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.    
  • Пәтер иелері үшін тиімді болуды ескере отырып, Алматы қаласындағы тұрғын үй қорына қызмет көрсетудің жылдам дамып келе жатқан нарығында табысы жоғары бизнесті қалай дамытуға болады? 

Осы нарықта кәсіби дайындығы бар кадрларға деген сұраныс өте жоғары.

                                                                                                                                                                                  Алматы қаласында 800-ден аса ПИК жұмыс істейді, көптеген ПИК төрағаларының бұл қызметті атқаруына арналған арнайы білімі жоқ, тиісінше көптеген ПИК тұрғындары олардың жұмыстарына риза болмай жатады.   

Көптеген ПИК төрағалары тіпті, қаланың тұрғын үй қоры нарығының негіздерінен хабары да жоқ, отырып алып тонайды.   

Бұл жағдай тұрғындарға да, қала әкіміне де, ПИК-тың әділ төрағаларына да ұнамайды. 

Тіпті, осындай жағдай орын алып жатқанда да ПИК төрағасының өз орнынан өз еркімен кетіп жатқанын көрмейсің. ПИК төрағасының орнына сот арқылы шайқасып отыратындар да бар екен!   

ПИК төрағасының мүмкіндіктері мен тиімділіктерінің көп екені айдан анық. 

Бұл мамандықты игерсеңіз, нарықта қандай сұраныстың болатынын көрсете аламын: 

Алматы қаласында 8000-нан аса көп пәтерлі үйлер орналасқан. 

21.07.2017 ж. ВРЕМЯ қоғамдық-саяси газетінде «ТКШ Қазорталығы» АҚ Басқарма төрағасы Марат Садуов еліміздегі ТКШ дамытудың жаңа тұжырымдамасының жобасына тұсаукесер жасады. Бұл тұсаукесерде ПИК қызметіндегі мемлекеттің жаңа тәсілі анық айтылған. «Бір үй – бір ПИК» деген сұлба әрекет етеді. 

Яғни, бұл дәл қазір 7000 ПИК төрағасына деген сұраныстың бар екенін білдіріп отыр!

Сұраныс болса, ұсыныс әрдайым сәтті болады деген сөз! 

Курс ұзақтығы үш ай. 

Оқитын адамдар курс өткізілетін кезеңде шәкіртақымен және жолақымен қамтамасыз етіледі. 

«Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» мемлекеттік бағдарламасының орындаушылары: Алматы қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы КММ.

Тегін курстың ресми атауы: «Әкімшілік-шаруашылық жұмыстары жөніндегі менеджерлер».

Осы бағдарлама аясында курстарға қатысу үшін: 

Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына барып тіркелу керек. 

Сауатты әрі сапалы жұмыс істейтін ПИК төрағасы атаныңыз! 

Бұл жұмыс қарапайым адамды тез арада құрметті, ықпалды әрі табысты адамға айналдырады! 

Өйткені алматылықтардың көбі өте қайырымды адамдар, әсіресе, өз үйіндегі өмірді өте сауатты түрде жақсартуға ұмтылатын адамдарға деген олардың алғысы еселене түспек! 

Қазыбек Шайх

Басқа мақалалар: