Саяси көшбасшылық марафоны

282766478 992007228170686 2967446405984230455 n

Біз жақсы өмір сүргіміз келеді!

Әрбір адам ӨЗІ ықпалды тұлға болғысы келеді. Немесе шенеуніктердің жұмысын мұқиятқадағалап, елді даму жолына, балаларымыз бақытты болар жарқын болашаққа бағыттауға қабілетті СЕНІМДІ САЯСАТКЕРЛЕРДІҢ болғанын қалайды!

Бәлкім, біреулер «бұл өте қиын» дер! Таласым жоқ, өйткені, расында да, солай.

Әйтсе де, көне аңыздардағыдай – өмірде де бәлен жылда бір рет өзгерістер кезеңі болып тұрады!

Сол кезде биліктің өзгеріп, халық қалаулысына айналуына, ел мен жұрттың өркендеуіне мүмкіндік туады!

Міне, дәл қазір сондай кезең туды!

Бұның бірнеше себебі бар:

Президент 2024-жылғы сайлауда жеңуді мақсат етеді.

Бірақ, ол сайлау оңай болмайды. Өйткені, ел басшысының Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын бақталастары бар және олар қалталы әрі осы елде жасырын қолдаушылары бар адамдар.

Олар билікке қайтып келмекші, сол үшін, қайтсе де, сайлауда жеңуді көздейді.

Демек, Президент К.К.Тоқаев басымдықпен біржола жеңуі үшін, халық ішінде «саяси сауатты сарапшылар» болуы қажет.

Сондай халыққа ықпалы жүретін беделді адамдарды табу үшін, Президент саяси партиялар құру мен жария түрде таңдаулы топтардың құрамына кіру үдерісін іске қосты.

Алдыңғы посттарда мен 2022-жылы маслихаттар, Мәжіліс және Сенат сайлаулары өтуі ықтимал екендігіне сенімді екенімді және неліктен сенімді екенімді толық негіздеп, жазғанмын.

Енді халықты жаңа саяси партияларға кіруге үндейтін үгіт-насихат жұмыстары жүргізіле бастайды (басталып та кетті).

Осы жерде мынандай кілтипан бар: егер адам саясатты жете ұғынбайтын болса, оны әркім өзінің саяси мақсатына пайдаланып – алдымен партия ашуға қажетті параққа қол қойғызады, содан соң, сайлаушылар парағына, одан кейін дауыс беру бланктерін алу тізімдемелеріне қол қойғызып алады да, ақыры... келесі сайлауға дейін ұмытып кетеді!

Бұл, бір жағы, қатігез болып көрінгенмен, өте әділ де: саясатты жете ұғынатын адам оны ұғынбайтын адамнан қашанда биік тұрады.

Мен осыны балаларыма түсіндірдім. Және балалардың өте күрделі сұрақтар қоя алатынына тағы бір мәрте көз жеткіздім.

«Саясатты ұғынуға қай жерде үйретеді?» деп сұрады олар. Мен ойланып қалдым.

Шынында да таңқаларлық: ықпалды тұлғаның қасиеті – саяси үдерістердің байыбына бара алатын сауаттылығы... десек, дәл осыған ұғынықты тілмен ешкім үйретпейді екен!

Кез-келген түйінді мәселенің тасасында оны шешудің мүмкіндіктері де тұрады:

Мен халықты жаппай саясат негіздеріне оқыта алатынымды түсіндім, сонда жұрт өзіне лайықты саяси партияны өзі таңдап, өз мүдделерін өткізе алатын болады.

Осылайша, «Саяси Жетекшілік марафонын» ұйымдастыру идеясы туды.

Бұл шағын курстың мәнісі де қарапайым.

 

Марафонға қатысушылар мынандай тақырыптар бойынша дәріс тыңдайды:

1. Адамдар неліктен саясатқа барады.

2. Саяси мансаптағы пропорциялық және мажоритарлық жүйелердің ерекшеліктері.

3. Саясатқа кірудің төрт стратегиясы.

4. Саяси ынтымақтастық.

5. Краудфандинг – саяси жұмысыңды қаржыландырудыңтиімді жолы.

6. Әлеуметтік желілердегі жұмыс.

7. Митингтер мен жағдаяттық саясаттың басқа да формаларын ұйымдастыру.

8. Хайп – бірақ, кәсіби сипатты хайп. Хайпқа қарсы әрекет шаралары.

9. Бақылаушылар миссиясын дұрыс ұйымдастыру.

10. Халықаралық ұйымдармен жұмыс.

11. Жеке саяси ұстаным мен саяси мансап тұжырымдамасын қалыптастыру.

 

Дәрістер онлайн жүреді.

Әр тақырыпты тыңдағаннан кейін біз әрекет етуші саясаткерлер мен саяси ұйымдардың өкілдерімен зум конференция өткіземіз. Сіздер өткен тақырып бойынша оларға нақты сұрақтар қоя аласыздар.

 

«Саяси Жетекшілік Марафонына» қатысушылар мынандай топтарға бөлініп, дәріс материалдары сол топтық ерекшеліктерге сай әзірленеді:

1. «Экологиялық бастамалар өрісіндегі саяси жетекшілік» тобы.

2. «Әйелдер саяси жетекшілігі» тобы.

3. «Урбанистика, ТКШ (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы) және тұрғын үй қатынастары өрісіндегі саяси жетекшілік» тобы.

4. «Жастардың саяси жетекшілігі» тобы.

5. «Ауылдағы саяси жетекшілік» тобы.

6. «Бизнестегі саяси жетекшілік» тобы.

7. «Аймақтағы саяси жетекшілік» тобы.

 

Ұсынылып отырған «Саяси Жетекшілік Марафоны» - менің өз бастамам.

Оны ешкім қаржыландырмайды, ол өз шығынын өзі өтейді.

Әр дәрістің құны - 5000 теңге.

Аталмыш семинарларды өткізіп жүргеніме 15 жылдан асты, олар әр кез қызықты өтеді.

Нақты саясаткерлер мен саяси ұйымдармен зум талқылауға қатысу тегін, бірақ, оған марафонға қатысушылар ғана қосыла алады.

Марафонға қатысу үшін, комментарийде «маған қызықты» деп жазып, қай бағдарлама бойынша дәріс тыңдағыңыз келеді, сол топтың нөмірін қоса көрсетуіңіз керек (мысалы, «маған қызықты, 7-нөмір»).

100 қатысушы жиналған топтар жұмысын бастайды.

Менеджер Сізбен хабарласып, марафонға кіру коды мен қатысу ережелерін жібереді.

11 дәрісті аяқтағандар өзінің саяси ұстанымын (тұғырнамасын) жариялап, бейнебаян жаза алады.

Ең қызықты қатысушылар (біз оларды алқалық кеңесте бейнебаяндарына қойылған «лайк»-тардың санына қарай анықтаймыз) өздерінің «саяси мансап құру стратегиясының» тегін тұжырымдамалық жобасын алады.

Жазыңыздар!

 

Қазыбек Шайх 

23.05.2022  

 

Ұқсас мақалалар: