Қазіргі әлемімізге сонау өткен заманнан бері игі деп танылған игі кәсіптерді білеміз!
Дәрігерлер, педагогтар, отан қорғаушылар – олардың жұмыстары адамдардың игілігі үшін немесе оларды қорғау үшін өзін-өзі құрбан етуге дайын жүруінде! Сіздердің алдарыңызда бас иеміз және жүрегіміздің түкпірінде жатқан жақсы арман-тілектердің бәрін сіздерге тілейміз!
Бірақ өмір бір жерде тұрып қалмайды, күн санап жаңа кәсіптер пайда болып жатыр, олардың көбі игілікке толы, біз күнделікті күйбең тіршіліктің арасында жүріп ол жайында білмейміз, кейде оны жете түсінбейміз.
Адамзаттың парадоксы мынада, адамнан қандай да бір таңғажайып дүниені немесе шынайы Ұлы бір нәрсені жасырғың келсе, ол нәрсені адамның мұрнының астына қойып қой, адам оны күнде көретіндей бір бөлікке айналдыр, сонда таңғажайып дүние мен ұлы нәрсені адамның байқамайтынына кепілдік береміз!
Осылайша біз жақын адамдарымызды, ата-анамызды, достарымызды, тіпті өміріміз бен денсаулығымызды бағалаудан қаламыз. Өміріңізді осы тұрғыдан алып қараңызшы, сонда өміріңізде қаншалықты таңғажайып нәрсенің бар екенін көресіз…
Жеке өз басым ешқашан да ойланып көрмеген жаңа игі кәсіп таптым. Бұл білім сізге де жағымдылық беріп, қазіргі қоғамның ұйымдасуының мақсатына жаңа көзқараспен қарауға әсер ететініне сенімдімін.
«Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды зерттеумен шұғылданып жүрген кезде Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысына тікелей тап болдым.
Біржолғы жоба болсын, жүйелі мемлекеттік бағдарлама болсын, кез келген жобаны қолға алған кезде іске қатысты барлық стейкхолдер туралы егжей-тегжейлі ақпарат жинайтынымызды бізбен бір командада жұмыс істеген жандар біледі.
Іске бар жан-тәніңмен берілу дегеніміз – ұйымда жұмыс істейтін адамдардың немен шұғылданатынын, күнделікті еңбектің мәні мен мазмұнын түсіну.
Менің түсінгенім мынау, олар түсінікті және мүлдем түсініксіз қызметтер атқарады екен:
Бұл мен түсінген қызметтер, енді түсінбеген қызметтерім:
Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері азғантай ғана жалақы ала отырып, адамға сәтсіздіктер циклінен шығуға үміт, мүмкіндік беріп, нақты жол сілтеу үшін, оны кедейліктен арашалау үшін шырылдайды. Меніңше, бұл нағыз адам өмірін құтқару деген сөз!
Құрметті Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері, сіздердің күнделікті еңбектеріңізді барша жұрт біле бермейді, бірақ білген адамдар «Сіздердің істеріңіз игі және құрметке лайық!» дейтіні сөзсіз.
Ал сіздің ісіңіз несімен игі?
Қазыбек Шайх
Басқа мақалалар: