Адамдар маймылдардан пайда болған деген болжам бар.
Біздің маймылдардан өзгешелігіміз: еңбек ету, сөйлеу, интеллект және социум.
Табысты адамдар мен «маймылдан шыққан» адамдар арасындағы айырмашылық – белгілі бір мақсаттарға жету үшін олардың сол еңбек, сөйлеу, интеллект және социумды пайдалана білуі.
Содан кейін «табыстылардың» табысы бәрін күрделендіре түсті:
Еңбек бөліне бастады.
Сөйлеудің ауызекі, жазба және бейнелі түрлері пайда болды.
Интеллект – жеке, ұжымдық және жасанды болды.
Социум өзгерді, ең қиыны – оның ақылға сыймайтын, жаңа, әлеуметтік желі түріндегі виртуалды түрінің пайда болуы.
Бұл өзгерістер қауіпті массаны жинап келді де, енді шегіне жетті!
Көрінбейтін кедергі жойылды, эволюцияның жаңа айналымы іске қосылып, адамның санасы жасаған кеңістікте қанат жая дами бастады.
Күннен-күнге виртуалды кеңістікке еніп, жаңа ақиқатқа тәнті болып келеміз.
Жасанды интеллект жеке және ұжымдық интеллектпен біртұтас.
Жаңа гаджеттер ауызекі, жазбаша және бейнелі сияқты үш деңгейде сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі жаңа әлемде қарым-қатынас жасауға арналған мүмкіндіктерімізді молайта түседі.
Бәрінен де еңбек қатты өзгерген!
Бизнесте су жаңа кәсіптер мен бағыттар пайда болды, олар адал еңбектің барлық түріне бағынышты емес жылдамдықпен бүкіл ғаламшардың адамдарына дәулет пен табыс беріп отыр!
Илон Маск, Джек Ма және Марк Цукерберг дейміз де, «о-о-о-о!» дейміз.
Біз олардың табысқа жету жолының тарихын қайталауды армандаймыз! Өйткені бұл мүмкін нәрсе!
Сандық ақиқат пен әлеуметтік желілер бастапқы мүмкіндіктеріміз жағынан алғанда бізді теңестіріп отыр!
Қазір жоғары біліміңіз бар ма, жоқ па, маңызды емес (Мәссаған, бұны қалай ғана жазып отырмын?! Бірақ фактілер осыны дәлелдеп отыр), қазір әлеуметтік желілер мен оның мүмкіндіктерін қаншалықты мықты пайдалана алатыныңыз маңызды.
Кедей адам патшаға айналған, оның патшайым әйелі мен ұлыларға арналған сарайы болған деген сияқты «желіде отырып жұмыс істейтін» SММ мамандарының нақты эксперименттері көп, өйткені SММ-мен айналысатын адам әлеуметтік желілердегі ақпаратпен қалай жұмыс істеу керектігін біледі.
Барлық компаниялар осындай адамдарының болғанын қалайды.
Аса ірі интернационалды корпорацияның 5000 маркетологы қатысқан SalesForce зерттеуінің мәліметтеріне сәйкес 2015 жылы компаниялар бюджетінің 70%-дан астамын жарнама мен әлеуметтік желілердегі жұмыстарға жұмсаған екен. Қазақстандағы жағдай да осындай. GreyCardinals агенттігінің зерттеулеріне сәйкес Қазақстанның 60%-дан аса ірі компаниясы SMM-ді өз компаниясын дамыту арнасы ретінде пайдаланады.
Бірақ бұл бізде қашық жерде болып жатқан оқиғалар, ал мен нақты бір мысалды өз көзіммен көрдім, қалаға келген қарапайым қыз университет бітіріп, мамандығы бойынша жұмыс таппаған. Ол қарапайым сатушы, кейін МЛМ желісінде агент болып жұмыс істеген.
Уақыт өте келе әлеуметтік желілер арқылы әңгімелесуге көшіп, SММ дегеннің не екенін біледі.
Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде үш мейрамхана, төрт косметика дүкені және бес сұлулық салонының парақшаларын жүргізіп келеді. Әрқайсысынан айына 200 доллардан алып отырады, бәрі риза. Бұл мекемелердің иелері азғантай ғана ақша жұмсап, клиенттердің күтпеген санын жинап алуға болатынын бағалаған, сондай-ақ олардың қазіргі клиенттерінің өздері сол қыз жүргізіп отырған парақшаларға пікірлерін қуана-қуана жазып, өздері-ақ жаңа клиенттерді шақырып жатыр.
Әрине, бұл табысқа жеткен қыздың қысқаша оқиғасы, бірақ шынайы оқиға. Ол қыздың таныс-тамыры жоқ, ол ешкімге қарыз емес, таныстарына қарағанда көбірек ақша табады әрі қызықты қарым-қатынас жасайды, бос уақыты да көп!
Әдетте, SММ мамандарын дайындау курстары өте қымбат, неліктен екені түсінікті!
Бұл кәсіпте табысқа жету жасқа, сыртқы келбетке немесе таныс-тамырдың болуына байланысты емес, бәрін кәсіпқойлық, ерекшелік, креативтілік және күш-қуат шешеді!
SMM-мамандық кәсібі қазір аса қажет, мемлекет үшін де маңызы зор, бұл мамандықты ежелгі қазақтардың дәуіріндегі ұста, тәуелсіздік алған жылдардағы кеденші, Қазақстан экономикасы қарыштап дамыған жылдардағы банк қызметкері қызметімен салыстыруға болады!
Жақсы SММ маманы әлеуметтік желілер кеңістігінде бүкіл министрлік істеген жұмыстан да көбірек жұмыс атқара алады!
Бәлкім, осыған орай, «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы қ. халықты жұмыспен қамту орталығы КММ SMM мамандарын дайындау курсын іске қосқан шығар.
Оқу тегін жүргізіледі.
Оқитын адамдарға шәкіртақы, жолақы беріледі.
Курс 3 айға созылады, 1 ай теория, 2 ай практика.
Адамдар бұл жайында білмейді!
«Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» мемлекеттік бағдарламасы туралы ақпаратты бәріне таратуларыңызды өтінемін, бұл өте маңызды!
Курсқа қабылдау өтінімдері Алматы қ. халықты жұмыспен қамту орталығы КММ тегін қабылданады!
Сіз қажетті ақпарат алдыңыз! Дәл қазір тіркеліңіз!
Бұл шешіміңіз жаңа шынайы өмірге жасаған қадамыңыз болады деген үміттемін, бәрі өз қолыңызда!
Қазыбек Шайх
Басқа мақалалар: