Қанша ақша таба аласыз?

Кооперативы

Көп адамдар «пассив» және «актив» табыс туралы кітаптар оқып алады да, миларын табыстан басы айналып, керемет байып, пальманың астында жатқан армандармен улайды, ал ақша олардың шоттарына өздігінен түсіп жатқандай сезінеді. Өздері рақатқа батырып, қуаныштан басы айналатын іспен айналысып жүргендей болады. 

Содан кейін олардың милары арманын шынайы өмірге бағыттауға тырысады, сол кезде олар не көреді дейсіз ғой: 

  • Өздігінен түсіп тұратын ақшаны қалыптастыратын активке (мысалы, жалға берілетін жылжымайтын мүлік) ие болу үшін қомақты қаражат керек, ал оны бастайтын бастапқы ақша қаражаты жоқ. 
  • Кредит өте қымбат, пальманың астында тек банкирлер ғана демалары сөзсіз, ал қарапайым адам банкирлер лайықты түрде демалу үшін терлеп-тепшіп жұмыс істейді. Шындап келгенде, банкирлерге наразылығымыз жоқ, олардың да жақсы өмір сүргілері келеді, ал халықтың басым көпшілігінің табысы аз әрі тұрақсыз, сондықтан банкирлердің ақшасының қайтатынына еш кепілдік жоқ, сол себепті олар «төлемді қайтара алмайтын нашар адамдардың» ақшаны қайтармау қаупін «қарызды қайтаратын адал адамдар» есебінен өтеу үшін пайызды көбейтуге мәжбүр.   
  • Құнды қағаздардың қор нарығы жоқ. Дәлірек айтқанда, ол бар, бірақ сіз ірі бизнесте миноритарлы болсаңыз, қолыңызда құнды қағаздың болғанына мақтана аласыз, ал табысқа кенелмейсіз, ірі компания басшыларына ықпал етуге шарасызсыз.   Тиісінше Құнды қағаздар нарығында уақытша еркін ақшасының мөлшері көп және сол нарықтағы ірі ойыншыларға іс жүзінде ықпал ете алатын тетігі бар «киттер» ғана дамиды. 
  • Депозиттер – жақсы тақырып, бірақ депозиттен көп ақша алу үшін оған одан да көп ақша салу керек. 

Инвестицияның аздаған мөлшерінен (аздаған ақша мен идеядан) еңбек пен елеске байланысты жемісті табыс әкелетін алып ағашқа айналатын байлықты армандауға болмай ма сонда? 

Олай болса, бұл мәселеге қап-қара «скепсистік көзілдірік арқылы» пессимизмге толы жасаураған көзбен емес (мұндай да көзілдіріктер бар, оптимизмге толы «қызғылтым көзілдірікке» қарағанда мұндай көзілдірік арқылы шындықты көрген тіпті жаман), шынайы объективті көзқараспен қарап көрелік. 

Гуглға сүйенер болсақ, 2016 жылғы есеп бойынша ғаламшар халқының саны 7.422 миллиард адам екен.   

Шіріген бай адамдар Жер бетіндегі халықтың 1%-ын құрайды.   

Жер бетіндегі өздерінің тікелей еңбегіне еш байланысы жоқ табыспен өмір сүретін байлар орташа алғанда 10 %-ды құрайды. 

АҚШ және экономикалық тұрғыдан дамыған басқа да елдерде 35 %-ға жуық, әртүрлі бағалаулар бойынша Ресейде 7-12 % аралығында, ал әртүрлі сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстанда халықтың 20-30% аралығында.

Ең кедей топтар халықтың 10 %-ын құрайды. 

Қалған 80+3% ең кедейден бастап байларға дейінгі екі топтың қатарын көбейтіп жүреді. 

Бұл ретте ауысу динамикасы бір сегменттен екінші сегментке ұлғаяды. 

Статистикаға сүйенсек, бай-дәулетті болу мүмкіндігіңіз кедей байқұсқа айналу мүмкіндігіңізбен бірдей екен!

Қызық, солай емес пе?!

Айырмашылығы неде?

Қазақстандағы шындық бойынша мен өте керемет білімі бар, бірақ пальманың астында жатып, табыс табудың не екенін білмейтін адамдарды білемін. Сондай-ақ мүлдем жоғары білімі жоқ, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген, бірақ рентамен өмір сүріп жатқан адамдарды да білемін.  Олар үшін жұмыс – бұрынғыдан да көбірек экономикалық дербестікке ұмтылу үшін қосымша мүмкіндіктер іздеу деуге болады. 

Ал мүмкіндіктерді іздеу дегеніміз – күрделі іс, оны табысты адамдардың арасында курортта жүріп іске асырған оңай, сондықтан да пальманың астында жатып демалған тіпті, оның орнын өтейді J

Өзім бақылағаннан мен мынадай бір заңдылық байқадым: түптеп келгенде, байлар байып, ақшасын салып, нарықтағы бағадан әлдеқайда тиімді бағамен сатып алуға тырысады, ал шарасыз кедейленетіндер – оны тек жеп қояды. 

Ақшаны қайда және қалай салу керек? 

Ақшаңыз көп болғанда еш қиындық жоқ. Пәтер сатып алыңыз немесе ақшаңызды депозитке салып қойыңыз. 

Ал егер ақша болмаса ше? Бүкіл әлем не істейді?

Бұл мәселені зерттеуге бірнеше жылымды жұмсадым. Зерттеу нәтижесі мені таңғалдырды әрі шабыттандырды. 

Таңғалдым деп айтқан себебім, оның бәрі бұрын ойластырылып, тәжірибеден өткізіліп қойған екен, бірақ біз ескі нәрсені қашан да жаңаша қабылдайды екенбіз. 

Шабыттандырды дейтін себебім, мен мүмкіндіктердің жаңа қырларына тәнті болдым, біз бір-біріміздің табысты болуымызға көмектессек қана сол мүмкіндіктерді игере алады екенбіз. 

Осындай жаңалыққа сіз де тәнті болғыңыз келе ме? Қош келдіңіз!

Тарихтан бұрынғы заманда адамдар «көп ет» жегісі келген екен, бірақ олардың «көп ет» жеуге әлі келмепті, сол кезде олар күштерін біріктіре бастапты, сөйтіп, жемтік жеуден ең ірі әрі күшті жануарларды жей алатын жыртқыштардың деңгейіне көтерілді. 

Қазіргі таңда біз «еттің» басқа түрін, яғни табыс іздейміз. Қазіргі таңда қара күштің орнына қаржы, интеллект және ұйымдастыру қабілетімізді пайдаланамыз. 

Мұндағы шындық мынау, егер ақшаңыз аз болса, демек бизнес ашуға тәжірибеңіз бен уақытыңыз да аз. 

Бірақ ақшасы да, уақыты да, тәжірибесі де аз біз сияқты жандарды кооперацияға бірлестірсе, жалпы алғанда ақшамыз бен уақытымыз жеткілікті болады. Сонда біз орташа болса да, жақсы, пайдалы бизнес құрудың ең үздік тәжірибесін игереміз, оны үздіксіз ұлғайтамыз.

Бұл кооператив құру деп аталады.

Бизнестің барлық түрі кооператив түрінде құрылады. Көпқабатты үйлердің ауласындағы дүкен түріндегі кооперативтің қалай жұмыс істейтінін қарастырып көрелік. 

«Хрущевкадағы» орташа статистикалық ауланы алып көрелік. 

Әдетте, бұл 6 подъезі, 480 пәтері бар 4 бесқабатты үй.  

Құрылысқа (5 000 000), дүкенді жабдықтауға (2 000 000), тауар сатып алуға (1 000 000), сатушы мен әкімшінің жылдық жалақысына (2 400 000) және коммуналдық төлемге (1 600 000) жұмсалатын шығындарды ескергенде, тез салынатын құрылымдардан 100 шаршы метрлік бір кооператив дүкенін ашу құны 12 000 000 теңгені құрайды.

Кооперативке 100 пәтер кірген жағдайда кооперативті ұйымдастыруға жұмсалатын қосымша шығындарда ескерген кездегі пай жарнасының сомасы 120 000 теңгені құрайды.

4 адамнан тұратын орташа отбасы орташа алғанда күніне 3000 теңгеге азық-түлік алады, айына барлығы орташа алғанда, азық-түлікке 90 000 теңге, ал бір жылда бұл сома 1 080 000 теңгені құрайды.

3000 теңге х 30 күн =90 000 теңге х 12 ай= 1 080 000 теңге

Азық-түлік пен тұрмыстық химияны көтерме сауда бағасымен сатып алғанда отбасы жылына орташа алғанда 20 % үнемдейді екен, ақша түрінде бұл 216 000 теңгеге тең. Олай болса сіз дүкенді ашуға кеткен шығынды бір жылда-ақ өтейсіз! 

Қалған 380 пәтер тауарды кооператив дүкеннен орташа нарықтық бағамен сатып алады, яғни кооператив мүшелерімен салыстырғанда 20%-ға қымбатырақ алады.   

Осылайша бір жылда кооператив дүкен оның ұстаушыларына 82 080 000 теңге пайда әкеледі, бұл кооперативке мүше әр отбасына қосымша 820 000 теңге пайда деген сөз (жылына 216 000 теңге (20 % дүкеннің үстемесі) х 380 пәтер = 82 080 000/ 100 кооператив мүшесі = бір жылда 820 800 теңге).                

Сондай-ақ дүкеннің ішіндегі және сыртындағы жарнама алаңдары да қосымша пайда әкеледі. 

Ең бастысы – кооператив құрамына кіргендегі жарнаның есептік құны 120 000 теңгені құрайды, ал жылдың соңына қарай жарнаның құны 1 036 800тг (216 000 үнемделген ақша + 820 800 кооперативтің жылдық кірісі = 1 036 800 жарна құны) болады.

Жарнаңызды кез келген уақытта сата аласыз не болмаса, сан жылдар бойы одан ақша шығара аласыз. 

Құнды қағазды жай ғана сатып алумен немесе ақша қаражатын депозитке салумен салыстырғанда кооператив иегері болу деген сөз – оның жұмысына тікелей әсер ету құқығы бар дегенді білдіреді.   

Сіз кооператив басшысын тағайындайсыз, жиналыстарда ақшаңыздың қайда және қалай жұмсалып жатқанын тексересіз. 

Кооперативтің тағы бір маңызды жағы – сіз ақша түрінде ғана емес, сондай-ақ кооператив құруға қажет еңбек, интеллект немесе мүлік арқылы да жарна иегері атана аласыз.     

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2009 жылғы 18 желтоқсандағы  64/136 резолюциясында кедейлікті жою, жұмыспен қамту және әлеуметтік шоғырлану кезіндегі кооперативтердің ерекше рөлі бекер атап өтілмеген. 

2010 жылғы InternationalCo-operativeAlliance мәліметтері бойынша кооператив қозғалысына 700 000 000 адам қамтылған екен.

Кооператив заңнамасы бойынша Қазақстан Республикасы әлемнің ең жоғарғы стандарттарына сәйкес келеді.   

«Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы қаласында «Кооперативті агенттерді» дайындайтын тегін курстар ашылады.  

Курс түлектері кооператив құра алады:

  • Адамның Жаңа жылда пальма астында демалуына мүмкіндік беріп, оны қосымша табыспен қамтамасыз етеді.
  • Кооператива түрінде бизнес ашуына көмектеседі.
  • Ақша қаражатын дайын бизнеске салып, солардың негізінде кооператив құру есебінен табыстың әлдеқайда жоғары стандарттарына көтереді. 

Тегін курсқа қатысушылар шәкіртақымен және көлік шығындарына жұмсалатын өтемақымен қамтамасыз етіледі. 

Сондай-ақ естеріңізге сала кетейік, «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 18 000 000 теңгеге дейінгі сома көлемінде бизнесіңізді дамыту үшін жеңілдетілген пайызбен (жылдық 6%) кредит ала аласыз.

Тез байығысы келетін адамдар кез келген жаңа мүмкіндіктен пайда табуға тырысады. 

Мемлекет бізге керемет мүмкіндік беріп жатыр! Алматы қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығына 279 03 38 телефоны немесе +7747 240 8991 ұялы телефоны арқылы хабарласыңыздар. Курстарға жазылыңыз.

Осы ақпаратты таратуға қол ұштарыңызды беріңіздер! Курстарға жазылыңыздар! 

Биыл курсқа жазылу 2017 жылдың 25 қыркүйегінде аяқталады. 

 

Қазыбек Шайх

Басқа мақалалар: