Назарларыңызға қызықты ақпарат ұсынғым келеді

конкурс

Соңғы жарты жылда «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпаратты белсенді түрде жариялап келемін. 

Жарияланған ақпаратыма белсенділігі менікінен кем болмайтын кері байланыс та алып жатырмын;))) біреулер ашуланып, эмоцияға берілсе, енді біреулер сындарлы әрі пайдалы деп тапты.  

Сіздердің тараптарыңыздан келіп түскен көптеген пікірлерді негізге ала отырып, агенттігіміз Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен, Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығымен бірігіп, «#NEXTХалықты жұмыспен қамту орталығы» атты байқау ұйымдастырмақшы.  

 

Баршаңыздың естеріңізге сала кетейін, Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы – өмірде әртүрлі жағдайларға тап болып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруге арналған мемлекеттік ұйым.  

Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы тиімді жұмыс істей отырып, біреулердің тағдырын, өмірін, некесін, меніңше, өмірдегі ең басты нәрсе болып табылатын – ауыр жағдайға тап болған, біраз уақыт бойы жолы болмай жүрген адамның өз-өзіне деген құрметін сақтап қала алады. 

Қалыпты өмірлік құндылықтарға ие әрбір қайырымды адам оларға көмектесуі керек. 

Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы біздің тарапымыздан жасалатын ақшалай көмекке зәру емес, десе де олардың жұмыстарын жақсарту бойынша айтылатын жақсы ұсыныстарды қажет етеді. 

Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамның игілігі үшін жұмыс істейтін, жұмыс іздеп жүрген жандарды сақтап қалуға немесе қолдаудың басқа да түрлеріне мұқтаж жандарға көмектесетін мінсіз ұйым атану үшін қолымыздан келгенін аямайықшы. 

Жасаған бұл қайырымды ісіміз бізге көп ұзамай жақсылық болып келеді: 

  • Мұқтаж адамдар шарасыздықтан көшеде бізді тонап кететіндей қауіпті төмендетеміз. 
  • Өмір бойы ата-анасының, әйелі мен басқа да туыстарының мойнында отырған жақын «жалқауларымызға», достарымызға жөн сілтейтін, жақсы жұмыс істейтін, білікті көмек көрсететін ұйым пайда болады.  
  • Құдай сақтасын, бірақ арамыздағы біреуіміз ауыр жағдайға тап болса, қай жерге барып, қолдау сұрау керектігін білеміз. 

Байқаудың мақсаты: Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына олардың жұмысын жақсарту және әлеуметтік көмек, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларына қатыстыру үшін қолдау көрсетуге зәру адам санын көбейту бойынша ұсыныстар жинау.   

Бұл байқауға кімдер қатыса алады? 

  • Игі істер жасағанды ұнататын, сол игі істердің іске асып жатқанын өз көзімен көргенді ұнататын жандар. 
  • Мемлекеттік қызметте жұмыс істеуді жоспарлап жүрген жандар. Мемлекеттік қызмет блогындағы әлеуметтік блоктың маңыздылығы мен өзектілігі күн санап артады. Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін бірнеше сағат бойы пысықтасаңыз, тіпті әлеуметтік қамтамасыз ету институтының тиімділігін арттыру байқауының марапаттау дипломымен марапатталсаңыз мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының мемлекеттік қызмет ұйымдарына, саяси партияларға, халықаралық ұйымдарға, тіпті  Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына ауадай қажет боласыз. 
  • Айналасындағы адамдарға пайдалы кеңес бергенді ұнататын, бірақ олардың беделін әлі ешкім мойындамаған жандар. Оларға мемлекетік ұйымға арналған пайдалы кеңестер байқауындағы жеңімпаз сертификатын көрсету мүмкіндігіне ие боласыз. 

Байқау қалай өткізіледі?

Байқау қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. 

Бірінші кезең: әлеуметтік желілерге байқаудың өткізілетіні туралы ақпарат жариялау. Қазір оқып отырғаныңыз осы айтылғанның мысалы J

Екінші кезең: байқауға қатысушылардың байқауға ұсыныс беруі. 

Байқауға қатысушылардың өз ұсыныстарын беруі байқауды өткізу туралы жазылған сол посттың пікір қалдыру бөлігінде іске асырылады. Ұсыныстар санына шектеу қойылмайды. Байқау ұсыныстарында Қазақстан Республикасының этикалық нормалары мен заң нормаларына қайшы келетін жаргон сөздер мен сөз қолданыстарын қолдануға рұқсат етілмейді.  

Үшінші кезең: дауыс беру.

Бұл байқаудағы дауыс беру әлеуметтік желілерге қатысушылардың байқауға қатысушылар тарапынан жасалған ұсыныстары бар пікірге лайк басу арқылы іске асырылады. 

Төртінші кезең: ұйымдастырушылардың қатарынан алынған байқау комиссиясының жиналысы, байқау жеңімпаздарын анықтау.

Байқау жеңімпаздары мына номинациялар бойынша анықталады: 

1. Байқаудың санаттар бойынша жеңімпаздары:

1 орын – жасаған ұсынысы бойынша ең көп лайк санын жинаған байқауға қатысушы. Тиісінше, кему ретімен 2 және 3 орындар.    

2. «Байқаудың ең белсенді қатысушысы» – байқауда ең көп ұсыныс жасаған байқауға қатысушы.

3. «Ең пайдалы ұсыныс» – байқау комиссиясы мүшелерінің пікірінше, Алматы қаласының тұрғындарын «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасына қатыстыру бойынша ағымдағы сәтте анағұрлым пайдалы болып табылатын ұсыныс. 

Байқау комиссиясы жиналысының қорытындысы бойынша хаттама жасалып, әлеуметтік желілерге жарияланады. Әлеуметтік желілерде байқауға қатысушының жеке хабарлама жазу бетіне хабарласуға болатын телефон нөмірі сұралған сұраным жолданады. 

Байқауды өткізу мерзімдері:

27.11.17 - 17.12.17 жж. аралығы

18.12.17 ж. байқаудың қорытындысын жасау.

26.12.17 ж. байқауға қатысушыларды марапаттау салтанаты. 

Бесінші кезең: байқауға қатысушыларды марапаттау салтанаты:

Байқауға қатысушыларды марапаттау салтанаты Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығында өтеді. Алматы қ., Н.Ә. Назарбаев көш., 50 (Жібек жолы көш. қиыл.).

Байқауға қатысыңыздар! Сіз қатыссаңыз, бәрінің жолы болады!!!

#NEXTХалықты жұмыспен қамту орталығы

Қазыбек Шайх

27.11.2017

Басқа мақалалар: